Бүгін шағын педагогикалық кеңес өтті. Ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатындағы портфолиоларын қарап, ұсыныс берілді. Аттестаттауға өтініш берген барлығы 9 педагогтың барлығы біліктілікті алуға және растауға жіберілді. Арайлы ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің аттестаттау комиссиясының төрайымы М.Д.Нургалиева "Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканы сақтау мәселесі бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) үміткер педагог (педагогтер) туралы ақпарат бере отырып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқандағы №533 бұйрығының 8-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес аттестатталатын педагогтердің құжаттарын тексеріп, реттеді. Кеңес соңында педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 11-қосымшаға сәйкес сараптамалық кеңес ұсынымдары берілді.
2022-2023 оқу жылы өз біліктілігін көтеруге өтініш берген педагогтер тізімі:
1. Танхай Азигул- педагог-зерттеуші (алуға)
2. Немцова Марина Александровна -педагог-зерттеуші (растауға).
3. Шания Кулияш - педагог-сарапшы (растауға).
4. Рзгазиева Ардак Аргынбаевна - педагог-сарапшы (растауға).
5. Серикова Гульнур Сыргабаевна -педагог-модератор (алуға).
6.Жуманбаева САбира Турсынбековна -педагог-модератор (алуға).
7. Бахмешова Бакыт Жанаевна - педагог-модератор (алуға).
8. Куанышбаева Ботагоз Мухамбетназаровна -педагог-модератор (алуға).
9. Тузелова Айнур Алимбаевна - педагог-модератор (алуға).