"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық ойындар

17.03.2026

Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде 8–11 сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының дәстүрлі ойындарын кеңінен таныстыру.

Спорттық сайыс дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Д.А. Дюсембаев, М.Н. Танекеев және Мұратбек Суғаттың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.

Бағдарлама аясында «Арқан тартыс» ойыны ерекше тартысты әрі қызықты өтті. Командалар ұйымшылдық пен күш-жігерлерін көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша:

І орынды – 9 «Б» сыныбы;

ІІ орынды – 9 «А» сыныбы;

ІІІ орынды – 8 «А» сыныбы иеленді.

Сонымен қатар «Қол тірес» ойынында ұл балалар білектің күшін сынап, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша:

І орын – 9 «Б» сынып оқушысы Лунев Арсений;

ІІ орын – 11 «А» сынып оқушысы Жомарт Әмір;

ІІІ орын – 9 «А» сынып оқушысы Серік Ернұр иеленді.

Іс-шара жоғары ұйымшылдықпен өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық ойындар жас ұрпақтың бойында батылдық, ептілік, ұйымшылдық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Просмотров: 86


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст