"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

семинар-практикум на тему «Педагогика будущего: искусственный интеллект как инструмент развития»

19.03.2026

Мектебімізде «Болашақ педагогикасы: ЖИ – дамудың құралы» тақырыбында мектепішілік семинар-практикум өткізілді.

Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі сабақ үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын таныстырып, түрлі цифрлық платформалармен жұмыс жасау тәсілдерін көрсетті. Мұғалім ЖИ құралдарының оқушылардың оқу мотивациясын арттыруға, тапсырмаларды саралауға, мәтінмен жұмыс жүргізуге және уақытты үнемдеуге ықпал ететінін нақты мысалдар арқылы дәлелдеп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар логопед-дефектолог Г.М. Жалелова инклюзивті білім беру аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс жасауда қолданылатын тиімді цифрлық платформаларды таныстырды. Ол ЖИ негізіндегі құралдардың тіл дамыту, дыбысты түзету, жеке оқу траекториясын құру және оқушының психологиялық жай-күйін ескере отырып жұмыс жүргізу барысында маңыздылығын атап өтті.

Семинар-практикум педагогтер үшін тәжірибе алмасу алаңына айналып, заманауи білім беру кеңістігінде жасанды интеллектіні тиімді пайдаланудың маңыздылығын көрсетті.

Просмотров: 38


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст