17.03.2026
Бүгін мектебімізде Ұлттық киім күніне орай күннің екінші жартысында «Сан сырлы ұлттық киім» тақырыбында ұлттық киім үлгілерін көрсету байқауы өткізілді.
Байқауға 5–11 сынып оқушылары қатысып, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін заманауи үлгіде насихаттап, сахнада әсемдік пен ұлттық нақышты үйлестіре білді.
Бас жүлде – 11-сынып оқушылары Серік Ернар мен Шайзада Ұлзия;
І орын – 5 «А» сынып оқушылары Шопан Фариза мен Нұрлан Әлихан;
ІІ орын – 7 «Б» сынып оқушылары Жилкибекова Айым мен Джакупаров Альнур;
ІІІ орын – 7 «А» сынып оқушылары Шайзада Айғаным мен Шакеев Айтқали иеленді.
Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Сынып жетекшілеріне және ата-аналарға белсенді қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғыс білдіреміз!