Текст
Бүгін мектептің әлеуметтік педагогы А.А. Тузелова оқушылардың асханада түскі ас ішуін қадағалады. Тамақтанған оқушылардан қысқаша сұхбат алды. Нәтижесінде сұхбаттасқан оқушылар тамақтың дәмді екенін айтты. Сонымен қатар асханада отыру мәдениетіне көңіл бөлді. Айнур Алимбаевна әр оқушы тамақтанып болған соң ыдыстарын жуатын арнайы орынға қоюы керектігін және артық заттарын қалдырмауды ескертті. Күнделікті дәмді тағамдары үшін асхана қызметкерлері Байжанова Алтын және Агыбаева Гульнар Балтабаевнаға алғыс айтамыз.