Текст
07.02.2023
Бүгін біздің мектеп үшін де, ауыл тұрғындары үшін де қуанышты жаңалық болды. Семей қаласында қазақша күрестен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Осы жарыста Арайлы ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Темірбек Сандуғаш 48 кг салмақта Қазақстан Чемпионы атанды. Чемпионат Азияға жолдама ұтты.

