Мектепішілік бақылаудың жоспарына сәйкес 8-сыныпта оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімді тексеру жүргізілуде. Директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасарлары А.К.Есбосынова, И.В.Неринг 8 "А" және 8 "Б" сыныбында пәндерден бақылау жұмыстарын алып, білім сапасын анықтауда.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламаларына сәйкес тексерілуде. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі.