"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шығармашылық топтың екінші кездесуі.

03.02.2023

Бүгін шығармашылық топ екінші рет кездесіп жұмыс жасады. Олар бірінші отырыстың нәтижесінде келіскендей әр мұғалім алда өткізілетін 8-сыныптағы қазақ тілі сабағының жоспарына тиімді болатын стрегияларды қолдануға дайындық жасады, мұғалімдермен өткізді. Алина Нұрлановна   блум таксономиясы  әр сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді екенін түсіндіріп, қысқаша ақпарат берді.  Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан. Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру. Таксономия  - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады. Марал Каримовна  оқушыларды топқа дұрыс бөліп, бір сабақта жеке, жұппен және топпен де жұмыс ұйымдастаруға болатын стратегия ұсынды. Айнаш Куанышовна әр жұмысты өткізгенде нақты критерийлерді құрып, оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беру керектігін айтты. Осылайша шығармашылық топ  дүйсенбі күні алғашқы сабақ жоспарын құруға келісті.

Просмотров: 801


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст