"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақбота» зияткерлік олимпиадасына тіркеу басталды!

24.01.2023

«Дарын» РҒПО 2023 жылғы 4-7 ақпан аралығында дарынды оқушыларды анықтап, олардың математикалық сауаттылығын арттыру мен ғылым негіздері бойынша білімдерін тереңдету мақсатында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін мектептердің 3-10 сынып оқушыларына арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада). Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.
Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірген оқушылар https://games.daryn.kz/ сайтында 2023 жылдың 18 қаңтарынан бастап тіркеуден өте алады.
Көрсетілген сайтта тіркелу барысында әрбір қатысушы тек өзінің жеке электрондық поштасын ғана қолдануы қажет.
Олимпиаданың басталуы ағымдағы жылдың 4 ақпанда (Астана уақытымен) сағат 09:00-де басталып, 2023 жылғы 7 ақпанда 23:59-да аяқталады. 
Олимпиаданың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Бұл Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 Бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілген. ҚАТЫСАМЫЗ!!!

https://daryn.kz/kk/akbota-kz/

Просмотров: 25271


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст