Бүгін директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес сабақтарға қатысты. 8 "А" сынып оқушыларының пәндер бойынша үй тапсырмаларының орындалуын тексеру мақсатында химия, Қазақстан тарихы, физика пәндерінің сабағына қатысты. Жалпы барлық сабақта ішінара үй тапсырмасын орындамаған оқушылар болды. Сонымен қатар өте белсенді оқушылар да байқалды. Мысалы айтар болсам, Қазақстан тарихы пәнінен Мұхтар Дінмұхамбет үнемі тақырып бойынша хронологиялық кесте және таныстырылым дайындап келетін белсенді оқушы болса, химия пәнінде Шайзада Ұлзия, Елемес Темірұлан сияқты оқушылар аса белсенді қатысты. Барлық сабақта Шайзада Ұлзия өте жақсы қатысып, тапсырмаларды мұқият орындап отырды. Егер, пән мұғалімі өз сабағына жан-жақты дайындықпен келсе, тиімді сабақ ұйымдастырса, сыныпта үлгерімі нашар оқушы болмас еді деген қорытындыға келдім.