Шығармашылық - бұл адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеуі, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Мектепте өз өнерімен, білімімен танылып жүрген оқушылар қатары күннен күнге артуда. Солардың бірі 9 "А" сынып оқушысы Теберек Хадиджа. Ол жауапкершілігі мол, әдепті, ақылды қыз. Ол бос уақытында сурет салғанды жақсы көреді. Жақында аудандық "Әбіш оқулары" байқауының "Сурет салу" бағыты бойынша қатысып, І орынды иеленді. Хадиджа сурет салумен қатар ағылшын тілін өте жақсы деңгейде оқып, сөйлей алады. Басқа оқушыларға үлгі болатындай оқушыға тек жақсылық тілейміз.