Текст
«Педагогикалық әдепті білу және түсіну, оны сақтау мұғалімнің міндеті» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте ІІ тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы туралы директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова, И.В.Неринг, Б.Ж.Бахмешова сөз сөйледі. Кәсіподақ төрайымы Б.С.Тайжанова «Педагогикалық әдепті сақтау» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар "оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы" тақырыбында директордың тәрбие ісінің орынбасары А.А.Кайрашева баяндама оқыды. І жартыжылдық қорытындысын талқылай отырып, алдағы жартыжылдықта бірқатар міндеттер қойылды.