Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, дарынды оқушының жетістігіне жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесу әрбір ұстаздың абзал борышы деуге болады. Мұғалім әр оқушыны оқытып қана қоймай, олардың жеке қабілеттеріне көңіл бөледі. Дарынды оқушылармен жұмыс жасайды. Сондай оқушылардың бірі 9 "А" сынып оқушысы Байжанова Ләйлінұр. Ол сабақты жақсы оқиды, мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысады. Жалпы еңбекқор, алғыр, тәртіпті оқушы. Жақында аудандық "Пушкин оқулары" атты байқауға қатысып, І орынды иеленді. Ол орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.А.Жангылшеваның жетекішілігімен А.С.Пушкиннің шығармашылығымен танысып, оның 20 өлеңін жаттады. Ләйлінұр болашақта басқа да іс-шаралар мен байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болатынына сенеміз.