Текст
Бүгін "білім берудің тұжырымдамалық бағыттарын жүзеге асыру жағдайында сыныптық топтардағы тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру" тақырыбында сынып жетекшілер отырысы өтті. Отырыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен тәрбиенің тұжырымдамалық бағыттарын жүзеге асыру аясында сынып жетекшісінің жұмысын ұйымдастыру", "Сынып ұжымын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі және оның әрбір оқушының тұлға болып қалыптасуына ықпалы", "оқуы төмен оқушыларды оқу-тәрбие жұмыстарына тарту" тақырыптары қарастырылды. І жартыжылдық бойынша тәрбие жұмысын қорытындылады. ІІ жартыжылдықта жасалатын жұмыстарға шолу жасады.