Текст
Бүгін директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова мектепалды даярлық тобының сауат ашу сабағына қатысты. Даярлық тобының тәрбиешісі Д.М.Садуова ең алдымен психологиялық ахуал қалыптастырып, балалардың көңілін сабаққа аударып алды. Өткен дыбыстарды қайталау мақсатында түрлі ойындар өткізді. Ажар, Алина, Самир, Анель, Азиза, Мәди сияқты балалар белсенділік көрсетіп, ойын арқылы дыбыстарды қайталады, сөз құрап, буындай алды. Тәрбиеші сабақ арасында сергіту сәтін өткізуді де ұмытпады.