Текст
Апталықтың үшінші күні де сәтті өтті. Әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері үлкен үзілісте қазақтан шыққан алғашқылар айдарымен сұрақтарға жауап алды. Оқушылар сұрақтарды алып, жауап іздеп, жылдам жауап беруге тырысты. Тарих пәнінің мұғалімі Т.А.Петрова 11 "Б" сыныбында "Эрудит" тақырыбында сыныптан тыс іс-шараны өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Э.Т.Капышева "Патриот болу-Қазақстанды жүрегінде сақтау" тақырыбында 9,10 сыныпта дебат өткізді.