Текст
Бүгін Талапкер ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде «Нәтижеге бағытталған білім берудегі ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті. Оған біздің мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Н.Төлеухан және Л.Баделқызы қатысты. Семинардың негізгі мақсаты еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу. Әріптестеріміз саналы ұрпақ тәрбиелеуде жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп, өз тәжірбиесінде қолданады деген сенімдеміз.