Текст
Бүгін директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова мектепішілік бақылау жоспары бойынша оқу сапасын бақылау мақсатында 5 "А" сыныбында дене шынықтыру сабағына қатысты. Мұғалімі С.Мұратбекұлы тақырыпқа сәйкес гимнастикалық жаттығудың техникасын үйретпес бұрын, дене қыздыру жаттығуларын орындатты. Оқушыларды үш топқа бөліп, түрлі ойын-жаттығуларын жасатты. Барлық оқушы жаттығу жасауларына ыңғайлы киімде келген. Мұғалім сабақ барысында сабақ бөлімдерін сақтады, уақытылы сабақты аяқтады.