Текст
Бүгін 11 -сыныптарда ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық жасау мақсатында байқау тесті екінші рет өткізілді. 11 "А" сыныбында барлық 8 оқушы қатысса, 11 "Б" сыныбында бір оқушы денсаулығына байланысты қатыспады. Пән мұғалімдері пәндер бойынша тестті жаңа форматта әзірледі. Оқушылардың жауаптары тексерілгеннен кейін пән мұғалімдері міндетті түрде қатемен жұмыс жасайтын болады.