Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді. Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Бүгінгі мұғалім үнемі өз білімін жетілдіріп жаңа технологиялармен танысып отыру қажет. Мектепте өз бетінше білім алып, сабақ өткізуде түрлі тиімді әдістерді қолданып жүрген мұғалімдер қатары байқалады. Осындай мұғалімнің бірі, бастауыш сыныптың мұғалімі Немцова Марина Александровна. Ол "Білім" порталында "Мектептегі сабақтарда Lesson Study" әдістемесін қолдану" тақырыбында өткен оқыту семинарға қатысып сертификатталды. "Инновация" республикалық порталы Ы.Алтынсарин ізбасарлы ғылыми-практикалық журналында "4 сыныпта факультативтік курс. Жобалық тапсырмаларды дайындау" ттақырыбында жұмысын жариялады. Марина Александровна "Астана" әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "авторлық бағдарламаны әзірлеу: теориядан практикаға" және "паноромный сабақты әзірлеу" тақырыбында семинарға қатысты. Сонымен қатар "Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану" тақырыбындағы республикалық семинарға қатысты. Біз Марина Александровнаны кәсібилік пен шеберліктің жоғары деңгейіне ие педагог деп есептейміз.