Текст
Бүгін Арайлы ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің әлеуметтік педагогы А.А.Тузелова 5 "А" сынып оқушысы Пирман Азалия мен 7 "Б" сынып оқушысы Хранцов Олегке өз қаражаты есебінен (8000тг) сыйлық беріп, балаларға қуаныш сыйлады. Жалпы ақша ешқашан ешкімге жетпеген, жетпейді де, бірақ қолымыздағы барымызбен қажеттілігі бар балаларға көмектесу әр адамның міндеті деп білеміз. Кез келген бала бақытты болуға лайықты. Бақытқа қол жеткізу, балаға – қуаныш, мейірім сыйлау сіздерден бастау алады. Балаларға жанашырлық танытып көмек беруді ұмытпайық, әріптестер!