Текст
Бүгін мектеп үшін өте қуанышты да, маңызды күн болды. Өйткені, біздің әріптесіміз, жас маман қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.В.Ирубаева "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" облыстық жастар форумында Ақмола облысының әкімі орынбасарының "Алғыс хатымен" марапатталды. Анастасия Валерьевнаны әріптестері құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.