Текст
Бүгін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ж.Тұрмағанбетова 5 "В" сыныбында "Транспорт және қоршаған орта. Зат есім (қайталау)" тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақ ойын түрінді өтті. Әр аялдамада тақырып пен тапсырмалар орындады. Мысалы, бірінші аялдамада транспорт жайында жұмбақтар жасырса, екінші аялдамада бағдаршамдағы сұрақтарға ауызша, жазбаша жауап берді. Үшінші аялдама фонетикалық талдау, төртіншісі танымдық, бесінші синтаксис, алыншы аялдама тексеру болды. Осылайша сабақта саяхаттау арқылы оқушылар өткенді қайталап, еске түсірді.