Текст
Бүгін кітапханашы Л.Ж.Жакенова "Қазақстанның тірегі-жалынды жастар" тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Оған 9 "А", 10 "А", 11 "А" сынып оқушылары қатысты. 9 "А" сынып оқушысы Мұратқызы Диана "Қазақ ұлтының ұйытқылары -зиялы қауым", Теберек Хадиджа "Қазіргі жастар қандай болу керек?", Байжан Ләйлінұр "Жасампаз жастар" тақырыбында баяндама жасады. Ошақбай Олжас, Рүстемқызы Аяжан сияқты оқушылар өз ойларын ашық айтып, болашақ жастардың білім алуға, Қазақстанды өркендетуге барлық жағдай бар екенін сөз етті.