Бір кездері өздері оқыған мектептеріне демеушілік көмек көрсетіп жүрген ауылдарын ұмытпаған түлектерге мектеп әкімішілігі мен ұстаздар қауымы өте риза. Сондай демеушілік көрсетіп жүрген түлектерің бірі Потоцккий Яна Демьяновна. Ол бүгінгі күні Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің студенті ғана емес, жанашыр демеуші. Яна Демьяновна биылғы оқу жылын аяқтайтын мектеп түлектеріне "Түлектер аллеясы" акциясына шырша ағаштарын отырғызуға әкелді. Оқушылар қуанышпен бірлесіп ағаштарды отырғызып шықты. Болашақта балалар өседі, олармен бірге көшеттер әдемі ағаштарға айналады. Бала ересек болып: "Мен бұл ағашты өзім отырғыздым"деп айта алса, бұл өте жақсы! Түлектер отырғызған ағаштар біздің жаңа мектептің оқушылары мен ұстаздарына қуаныш сыйлады. Яна Демьяновнаға алғыс айтамыз.