"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наши молодые педагоги креативны

11.10.2022

Бүгін мектепте "жас мамандар мектебі"  әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.В.Ирубаева педагогтермен «ортақ мақсаттарға бірлікте" тақырыбында   тренинг өткізді. Анастасия Валерьевна екі ғана жаттығуды қолдана отырып, жас педагогтердің ашылуына, өзара қарым-қатынас жасауына, тақырып бойынша ой-пікір айтуына  мүмкіндік бере білді.  Педагогтер өз алдына берілген тапсырма аясында үш тілде сөйлессе де, барлығы бір-бірін жақсы түсіне білді. Атап кететін болсам, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері М.К.Буланова және Л.Баделқызы  лидерлік қасиеттерді жазу барысында ағылшын тілінде пікір алмасса, орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Н.Асимжанова және информатика пәнінің мұғалімі А.Т.Рамазанова орыс тілінде постер қорғады, басқа қатысушылар қазақ тілінде ойларын еркін жеткізе білді. Ең маңыздысы тренинг жүргізушісі, жетекшісі Анастасия Валерьевна барлық ойды сол тілде толықтыра білді.  Тренинг өте қызықты ғана емес, танымды болды. Алдағы уақытта креативті идеяларыңызды күтеміз! Сәттілік, жас қана емес креативті педагогтер.

Просмотров: 265


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст