Текст
Педагогикалық кеңестің шешімімен мектепте Lesson Study зерттеу сабақтарын өткізу ұсынылған болатын. Lesson Stuly зреттеу сабақтары- даму мен ілгерлеудің формуласы. Ондағы негізгі мақсат әріптестермен бірігіп: сабақ жоспарларын құру, зерттеу сабағын талқылау, сабақтың жоспарын талқылау, зерттеу сабақтарын өткізу. Бүгін орыс және қазақ сыныптарында сабақ беретін мұғалімдер тобынан фокус группа құрылды. 7 "А" қазақ сыныбы және 10 "Б" орыс сыныбына зерттеу сабақтары өткізілетін болып шешілді. Келесі отырыста пән мұғалімдері теориялық білімдерін шыңдау мақсатында, алдын ала берілген тақырыптар бойынша дайындалып келуі керек деп шешілді.