Текст
Өзара сабаққа қатысу жоспарын іске асыру мақсатында директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова 5 "А" сыныбында қазақ тілі сабағына қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.В.Ирубаева "тіл стильдері" тақырыбында сабағын оқушылар үшін пайдалы да, қызықты өткізді. Аружан, Малика, Гүлім, Салтанат, Темірлан сияқты оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсенді болды. Мұғалім wordwail платформасын пайдаланып, тақырыпқа сәйкес викторина құрастырған. Осылайша мұғалім оқушылардың есте сақтауы үшін қызықты мәліметтер бере алды.