"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар жылы 2022

31.07.2022

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізеді.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Целиноград ауданының әрбір азаматы, бизнесмендері, кәсіпкерлері, меценаттары халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.


Білім бөлімінің әдіскері С.Тасыбай
Тел:.87165130393

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст