Текст
Бүгін "Тіл - тәуелсіздік символы" республикалық байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна Гран - При иеленді. Анастасия аудандық және облыстық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Байқау барысында өзін өзі бейнежазба арқылы таныстыру және zoom арқылы тікелей эфирде сұрақтарға жауап беру шарт болды. Ақмола облысының үміткері еліміздің аудан, қалаларының арасында үздік атанғанына қуанышымыз шексіз! Осындай, туған жерін, елін сүйетін жас мамандарымыз көп болсын! Құттықтаймыз, мақтан тұтамыз!