Текст
Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оратлығы" КММ нің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 350 бұйрығын негізге ала отырып, Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебінде 10-11 жастағы оқушыларға және ата-аналарға түсіндірме жұмысы өткізілді. Хат негізінде оқушылар сайтқа тіркеліп, сұрақтарға жауап беруде. "Qabilet" қызметінің мақсаты-оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру. Ең бастысы XXI ғасырдың басты құзыреттіліктеріне негізделген.