Текст
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған өзге ұлт жастарының арасындағы «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы» атты облыстық байқауына Арайлы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.В.Ирубаева қатысып, жүлделі орын алып, республикалық байқауға жолдама алды. Байқауды өткізу мақсаттары:
1) мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту;
2) қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту;
3) мемлекеттік тілді меңгерген, қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру. Жас маманға тек шығармашылық табыстар тілейміз.