04.05.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі №177 бұйрығына сәйкес мектебімізде оқу-далалық жаттығулар ұйымдастырылды.
Аталған жаттығулардың негізгі мақсаты – оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Оқу-далалық жиындарға 10-сынып оқушылары қатысып, олар 5 күндік арнайы бағдарлама аясында түрлі әскери-практикалық жаттығуларды орындауда. Бағдарламаға саптық дайындық, әскери тәртіп негіздері, қауіпсіздік ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары және басқа да маңызды бағыттар енгізілген.
Осы бұйрық негізінде мектепте оқу-далалық жаттығуларды ұйымдастыру жұмыстарын алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушысы Есілбай Ілішер Мұратұлы бастап, оқу процесін жүйелі түрде жүргізуде.
Жаттығулар барысында оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, барлық талаптар қатаң сақталуда. Сонымен қатар, оқушылардың әскери қызмет туралы түсініктерін кеңейту мақсатында тәжірибелік сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым оқу-далалық жиындардың сапалы өтуіне толық жағдай жасап, оқушылардың белсенді қатысуына қолдау көрсетуде.
/public/files/2026/5/4/040526_172817_byry-ou-dalaly-ghiyndary-turaly.pdf