"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Уақыт байланыстырушы желі» аудандық байқауындағы жеңіс

29.04.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі №197 бұйрығына сәйкес Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің базасында экологиялық-өлкетану бағытындағы музейлер арасында «Уақыт байланыстырушы желі» атты аудандық байқауы өткізілді. Аталған байқауға мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Жұман Әліби қатысып, өзінің шығармашылық қабілеті мен ізденімпаздығын жоғары деңгейде көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Жұман Әліби «Музей тарихы» номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды. Бұл жетістік – оқушының ізденісі мен жетекшісінің сапалы дайындығының нәтижесі.

Жас жеңімпазды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде де сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз.

/public/files/2026/4/29/290426_153816_byry-uayt-baylanystyrushy-ghel-muzey.pdf

Просмотров: 1421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст