"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу туралы

29.04.2026

2026 жылғы 28 сәуірде Көкшетау қаласындағы «ALIKHANOV University» базасында ұйымдастырылған педагогикалық бағыттағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне мектебіміздің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К. Есбосынова қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету, жас педагогтерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету және білім беру саласындағы кадрлық қажеттіліктерді анықтау болды.

Жәрмеңке барысында жоғары оқу орнының түлектерімен және педагогикалық мамандықта білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізіліп, мектебіміздегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, тарих пәні мұғаліміне – 16 сағат жүктеме бар екені, сондай-ақ физика және математика пәндері мұғалімдеріне қажеттілік бар екендігі таныстырылды.

Кездесу барысында үміткерлерге еңбек шарттары, педагогтердің кәсіби даму мүмкіндіктері және мектептің білім беру бағытындағы жұмыс жүйесі туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Просмотров: 838


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст