"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Арыстан патша» атты кино кеші ұйымдастырылды

29.04.2026

24.04. күні мектебімізде 5–7 сынып оқушылары арасында «Арыстан патша» атты танымдық әрі тәрбиелік мәні зор кино кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, достыққа, мейірімділікке, сыйластыққа және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Кино кеші барысында оқушылар «Арыстан патша» фильмін қызығушылықпен тамашалап, кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы өмірлік құндылықтар туралы ой бөлісті. Фильм мазмұны оқушыларға ата-анаға деген құрмет, достықтың қадірі, жауапкершілік пен батылдық сияқты маңызды қасиеттерді түсінуге мүмкіндік берді.

Шара соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, фильмнен алған тәрбиелік мәні зор ойларын ортаға салды. Кино кеші оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етті.

Іс-шараны ұйымдастырушы – мектеп тәлімгері Берент А.В.

Просмотров: 837


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст