24.04.2026
Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Қ. Қажымханұлы 6 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Ғылым және білім» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға ғылым мен білімнің адам өміріндегі маңызы түсіндіріліп, тақырып аясында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізіп, тапсырмалар орындау арқылы белсенділік танытты.
Сабақта оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар арқылы білім алушылардың сыни ойлау қабілеттері дамытылып, пәнге деген қызығушылықтары арттырылды. Оқушылар тақырып бойынша пікір алмасып, шығармашылық тапсырмалар орындау барысында өз білімдерін көрсете білді.
Ашық сабақ барысында мұғалім заманауи педагогикалық әдістерді тиімді қолданып, оқушылармен кері байланыс орнатты. Сабақ мазмұнды әрі тартымды ұйымдастырылып, білім алушылардың белсенді қатысуымен өтті.
Сонымен қатар, сабақ барысында оқу мақсатына сай тапсырмаларды тиімді іріктеп беру, оқушылардың оқылым және жазылым дағдыларына баса назар аудару, сондай-ақ сабақтың құрылымын жүйелі сақтап, кезеңдерді бірізділікпен ұйымдастыру қажеттігі ескертілді.