"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойынындағы жетістіктер

23.04.2026

2026 жылы «Намыс» спартакиадасы бағдарламасы аясында Ақмола облысы жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен «Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойынына мектебіміздің оқушылары қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Искак Салтанат ІІІ орын иеленіп, грамотамен марапатталды. Сондай-ақ 10 «А» сынып оқушысы Балтабай Елдана және 9 "Б" сынып оқушысы Рыков Давид те  ІІІ орын алып, грамотамен марапатталды.

Командалық сайыстарда Искак Салтанат, Балтабай Елдана және Рыков Давидтен құралған команда «АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша эстафета» номинациясында ІІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Сонымен қатар аталған команда «Әскерилендірілген эстафета» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.

Бұдан бөлек, Искак Салтанат, Балтабай Елдана, Рыков Давид және Қажымұқан ауылының ЖОББМ құрамасынан жасақталған құрама команда жалпы командалық есепте ІІІ орын иеленді.

Жарысқа қатысқан оқушылардың жетекшісі — Есілбай Ә.М.

/public/files/2026/4/29/290426_085232_bim-baskarmasynyi.pdf

/public/files/2026/4/29/290426_085251_akmola-oblysy-blm-baskamasny-turizm-1.pdf

/public/files/2026/4/29/290426_085304_akmola-oblysy-blm-baskarmasynyn-turizm-1.pdf

/public/files/2026/4/29/290426_085316_akmola-oblysy-blm-baskarmasynyn-turizm.pdf

/public/files/2026/4/29/290426_085336_akmola-oblysy-blm-baskamasny-turizm.pdf

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст