"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Мамандықтар күні” өткізілді

23.04.2026

Бүгін жас мамандар апталығы аясында мектебімізде “Мамандықтар күні” атты ерекше іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларға түрлі мамандықтардың маңызын насихаттап, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандық иелерінің киімдерін киіп келіп, өздерінің таңдаған кәсіптерін таныстырды. Олардың арасында дәрігер, мұғалім, аспаз, полиция қызметкері, құрылысшы, өрт сөндіруші және басқа да мамандық иелері болды. Оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ерекше образдарымен көпшіліктің көңілінен шықты.

Мектептің тәлімгері А.В. Берент оқушылардың креативтілігін жоғары бағалап, белсенді қатысушыларды түрлі номинациялар бойынша мадақтамалармен марапаттады.

Мұндай шаралар оқушылардың қиялын дамытып қана қоймай, болашақ мамандықты таңдауға деген қызығушылығын арттырып, еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастырады.

Просмотров: 151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст