"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тарих ата» республикалық олимпиадасына қатысу

23.04.2026

2026 жылдың 23 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Тарих ата» республикалық онлайн олимпиадасына мектебіміздің оқушылары қатысты. Олимпиада 5–9 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәні бойынша білім деңгейін арттыру және оқушылардың тарихи танымын дамыту мақсатында өткізілді.

Аталған олимпиадаға мектебімізден 5 «А» сынып оқушысы Қазбек Назерке, 6 сынып оқушысы Мухаметқали Айбарыс және 7 сынып оқушылары Ибрай Ерсін, Серікбай Әлішер, Мадиярқызы Айя, Мақсут Айару, Қуанышбай Нұрдаулет қатысты.

Олимпиада онлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушылар тест тапсырмаларын орындады. Сонымен қатар, бірнеше оқушы сайтта тіркелу барысында техникалық қателіктерге байланысты олимпиадаға қатыса алмады.

Просмотров: 152


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст