"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Жас мамандар апталығы” аясында танымдық QUIZ UI интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды

23.04.2026

Жас мамандар апталығы аясында мектептен тыс форматта 11 «А» сынып оқушыларымен «Quiz Uı» атты танымдық-интеллектуалдық куиз ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылықтарын арттыру, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болды.

Куиз барысында оқушылар түрлі бағыттағы қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен жылдамдықтарын сынға салды. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, тапқырлықтары мен білім деңгейлерін көрсете білді. Ойын тартысты әрі көңілді атмосферада өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, қатысушылар өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың маңызын сезінді.

Іс-шараны ұйымдастырушы – жас маман Дахай Ботагөз Увлейханқызы.

Просмотров: 150


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст