Текст
10.04.2026
Апталық аясында 8-сынып оқушылары арасында «Do you know the USA?» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Іс-шараны ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.О. Сулейменова жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Интеллектуалдық ойынның негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тілі бойынша білімдерін тереңдету, елтану бағытындағы танымдарын кеңейту, сондай-ақ логикалық ойлау және жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту болды.
Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсете білді. Әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру арқылы қатысушылар өзара бәсекелестік рухта жұмыс істеп, командалық ынтымақтастықты нығайтты.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, мазмұнды әрі тартымды форматта өтті.