"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аутизм туралы ақпарат күні: мейірімділік пен қолдау сабағы

10.04.2026

Ерекше балаларға қолдау көрсету мақсатында мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары бүкіл әлемдік бастамаға қосылды. Осы атаулы күн аясында мектептің логопед-дфектологы Г.М.Жалелова 10 сәуірде бейнероликтер көрсетілімін ұйымдастырды. Оқушылармен «Күн баршаға бірдей сәуле шашады» тақырыбында әңгіме жүргізілді.

Оқушылар «Аутизм таңғажайып қабілеттерді аша алады!» атты бейнероликті қызығушылықпен тамашалады. Онда аутизмі бар балалардың ерекшеліктері, олармен қалай қарым-қатынас жасау, бірге ойнау, достасу жолдары қарапайым әрі түсінікті тілде баяндалды. Сонымен қатар «Жердегі жұлдызшалар» фильмі көрсетілді.

Аутизм туралы ақпарат тарату күні әлем бойынша көк шамдар жағылады. Бұл – аутизм мәселесіне назар аудару мақсатындағы белгі.

Осындай іс-шаралар балалардың бойында мейірімділік, сүйіспеншілік, айналадағы адамдарға қамқорлықпен қарау, көмек көрсетуге деген ниет сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

«Біз еліміздің аспанына көк сәуле жолдаймыз. Бұл – аутизм мәселесіне назар аударып, оны қоғамға кеңінен таныстыру, баланың ерте дамуындағы күрделі бұзылыс ретінде түсіндіру үшін қажет. Бұл мәселе бүкіл әлем қоғамдастығының ерекше назарын талап етеді. Бірге біз аутизмі бар балалардың өмірін жақсарта аламыз!»

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст