Текст
08.04.2026
2026 жылдың 7-сәуірінде 7 «А» сыныбында ағылшын тілі пәні онкүндігі аясында ашық сабақ өткізілді. Сабақты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дахай Ботакөз Увлейханқызы жүргізді.
Ашық сабақ барысында оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, сабақ мазмұнды әрі қызықты форматта ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу, тыңдау және ойлау қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ пәнге деген қызығушылықтарын арттыру болды. Қойылған мақсаттар толықтай орындалып, сабақ өз деңгейінде өтті.