"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілі пәнінің онкүндігінің ашылуы ерекше форматта болды

06.04.2026

Бүгін, 2026 жылдың 6 сәуір күні, мектепте ағылшын тілі пәні онкүндігінің ресми ашылуы өтті. Аталған онкүндік оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға, тілдік дағдыларын дамытуға және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған.

Онкүндіктің ашылу салтанаты ерекше форматта ұйымдастырылып, түрлі қызықты ойындармен бастау алды. Оқушылар белсенді қатысып, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасап, өз білімдерін ойын арқылы көрсете білді. Бұл шара білім алушылардың пәнге деген ынтасын арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шара барысында ағылшын тілі пәні мұғалімдері онкүндік аясында өткізілетін жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Жоспарға сәйкес, ашық сабақтар, викториналар, зияткерлік ойындар, олимпиадалар, байқаулар мен сайыстар өткізу көзделген.

Ағылшын тілі онкүндігі 6–17 сәуір аралығында жалғасып, әр күн мазмұнды әрі танымдық шараларға толы болады деп күтілуде. Онкүндік соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.

Бұл онкүндік – оқушылар үшін тек білім алаңы ғана емес, сонымен қатар өз қабілеттерін танытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды кезең болмақ.

Просмотров: 131


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст