"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмол ауылында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті

03.04.2026

Бүгін Ақмол ауылында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған бір күндік аймақтық семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану тәжірибесімен алмасу және білім беру сапасын жетілдіру болып табылады.

Семинар барысында қатысушыларға жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары, цифрлық ресурстарды пайдалану, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, тәжірибелі мұғалімдер шеберлік сағаттарын өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған семинарға Арайлы ауылының жалпы орта мектебінен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Кунглимжайев Абай Хужабаевич және Дахай Ботакөз Увлейханқызы қатысып, кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа әдістерді оқу процесіне енгізу бойынша ұсыныстар білдірді. Мұндай семинарлар педагогтердің тәжірибе алмасуына, шығармашылық ізденісін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.

/public/files/2026/4/3/030426_085105_0121619-2.pdf

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст