"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-сыныпқа қабылдау туралы хабарландыру

02.04.2026

10 маусымнан бастап барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа өтініш қабылдау басталады, ол 31 тамызға дейін жалғасады.

1-сыныпқа алты жастан бастап балалар тестілеу немесе конкурстық рәсімдерсіз қабылданады.

Қабылдау білім беру ұйымдары қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың, олардың дайындық деңгейіне қарамастан, қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі.

Портал арқылы өтініш беру үшін келесі құжаттар пакеті қажет:
✔️ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші / медициналық анықтамалар:

  1. №065/у нысаны (екпе картасы) – денсаулық жағдайы туралы;
  2. №026/у-3 нысаны (баланың денсаулық паспорты);
    ✔️ баланың 3х4 см өлшемдегі цифрлық фотосуреті.

‼️ Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болатын жағдайлар:

  1. сынып-комплектілердің толып кетуі;
  2. өтініш беру мерзімдерінің осы қағидаларда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеуі;
  3. қызмет алушы ұсынған құжаттардың шынайылығының расталмауы;
  4. ұсынылған құжаттардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті талаптарға, білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес келмеуі.

🌸 Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда қабылданады.

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст