Текст
04.03.2026
Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында мектепте 5–10 сынып оқушыларына арналған «Тотал диктант» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сауаттылығын арттыру, орыс тіліне деген қызығушылығын дамыту және жазу мәдениетін қалыптастыру. Диктантты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.С.Ақтай ұйымдастырып, өткізді. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін тексеруге мүмкіндік алды.
