Текст
Жазғы мектеп жұмысы іске асырылуда. Тізім бойынша бекітілген 17 оқушы аса жауапкершілікпен күнделікті сабақ кестесіне сәйкес сабаққа келіп, білім алып отыр. Балалардың көңіл-күйі өте жақсы, педагогтер балалардың ұсынысы бойынша түсінбеген тақырыптарын қайталайды, сұрақтарына жауап береді, сабақты барынша қызықты, түсінікті болу мақсатында түрлі технологиялар мен ойындар қолдануда.