"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстандағы ұжымдастыру: Ұлы нәубет тарихы» тақырыбындағы ашық сабақ

23.01.2026

Тарих пәнінің мұғалімі Э.Т. Капышованың ұйымдастыруымен 8 «А» сыныбында «Қазақстандағы ұжымдастыру: Ұлы нәубет тарихы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде әртүрлі тапсырмалар орындалып, оқушылардың тақырыпты терең меңгеруіне жағдай жасалды. Тарихи оқиғаларды түсіндіру мақсатында жасанды интеллект құралдары арқылы дайындалған «Бесеудің хаты» тақырыбындағы бейнематериал көрсетілді.

Сонымен қатар, сабақты бекіту кезеңінде оқушылар Telegram мессенджері арқылы арнайы бот көмегімен қорытынды сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін заманауи цифрлық құралдар арқылы көрсете білді.

Ашық сабақ оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, сыни ойлау дағдыларын дамытуға және цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқу үдерісінің сапасын арттыруға бағытталды.

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст